Бурак Озчивит: Қорқыт атамыздың мұрасын насихаттау – мен үшін үлкен мәртебе

Бүгін, 21:52 / Өтей Торғайұлы
Әлеуметтік желіден

Танымал актер Бурак Озчивит маңғыстаулықтармен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жариялады. «Қорқыт ата» халықаралық кинофестивалінің құрметті қонағы, түрік актері Бурак Озчивит Маңғыстау жұртшылығымен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

Актер кездесуде фестивальдің ерекшелігін атап өтті.

-Бүгінгі фестиваль ерекше. Себебі, ол Қорқыт атамыздың атымен аталады. Фестиваль түркі халықтарының өнерін тоғыстырып, шығармашылық иелерін бір алаңда біріктіріп отыр. Бұл – үлкен қуаныш. Қорқыт атамыздың мұрасын насихаттау арқылы фестивальдің дамуына үлес қосу - мен үшін үлкен мәртебе. Осы бағытта қолдан келгенше атсалысамын, - деді Бурак Озчивит.

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта Қазақстанмен бірлескен киножобаларға қатысуға дайын екенін жеткізді.

-Соңғы жеті жыл бойы жалғасып келе жатқан телехикаям жақында өз мәресіне жетеді. Осы жобам аяқталғаннан кейін жаңа шығармашылық жоспарлар құрылады. Сол кезде Қазақстан тарапынан ұсыныстар түссе, оларды қарастыруға әзірмін. Болашақта бірлескен жақсы жобалар дүниеге келеді деп сенемін, - деді актер.

Кездесу барысында Бурак Озчивит өзінің актерлік жолы, есте қалған рөлдері мен оларды сомдауға қалай дайындалатыны туралы әңгімелеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Тэгтер:

Маңғыстау Актер Бурак Озчивит