«Зардап шеккендер бар»: Ыстанбұлда күшті жер сілкінісі болды

2 қазан, 2025 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Мрамор теңізінде болған, Ыстамбұлда (Түркия) сезілген жер сілкінісі салдарынан 17 адам зардап шекті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Oxu.Az жазды.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің барлығы жерасты дүмпулерінен кейін басталған үрей мен дүрлігу салдарынан жарақат алған. Жарақаттардың басым бөлігі ғимараттардан жедел эвакуация кезінде құлап, соғылып қалудан болған.

Ыстамбұлда магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Түркияның Табиғи апаттармен күрес басқармасының (AFAD) ресми сайты хабарлауынша, жерасты дүмпулерінің ошағы 6.71 км тереңдікте орналасқан.

Қазіргі уақытта қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Тэгтер:

Жер сілкінісі Ыстанбұл