Зейнетақы қорынан 49 млрд теңге алған жалған клиника иелеріне іздеу жарияланды

Бүгін, 16:52 / Алуа Арман
Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған стоматологиялық клиникалардың иелерін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Агенттік іздеу салған үш адам:

Дуйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 ж.т.

Иманбаев Габбас,18.05.1998 ж.т.

Елешев  Есимхан Баяндиевич, 11.09.1987 ж.т.

Аталған азаматтар 46 млрд теңгеден астам қаражатты БЖЗҚ заңсыз шығару мақсатында қылмыстық схемаларды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Бұл мақсатта олар тіс емдеу қызметі көрсетілгендей жалған медициналық құжаттарды рәсімдеген.

Олар Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 7 стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Аталған мекемелер іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетпеген.

Дүйсенов А.Қ., Иманбаев Г., Елеушев Е.Б.-ке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылды.

Айыпталушылардың бірі — Дүйсенов А.Қ. бұрын полиция қызметкері болған, алайда теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған. 2016 жылы ол Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу») және 362-бабы («Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану») бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне төмендегі нөмір бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:  +7 (7172) 70 84 78 – кезекші бөлім.

Тэгтер:

зейнетақы жинағы зейнетақы қоры клиника стоматология тіс емдеу