«Тізгінді өз қолына беретін уақыт жетті»: Қайрат Нұртастың анасы бұдан бұлай продюсер емес екенін айтты

Бүгін, 16:01 / Інжу Әлихан
instagram

Гүлзира Айдарбекова бұдан бұлай әнші ұлы Қайрат Нұртастың продюсері емес екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әншінің анасы енді өзінің шығармашылығына уақыт бөлгісі келетінін атап өтті.

«Осы уақытқа дейін жүгіріп келдім. Енді ат тізгінін өз қолына беретін уақыт жетті. Жас емес. Арықарай өзі алып кетер. Өзінен кейін шәкірттер өсірсе де өзі біледі. «Қайтсем өсірем, қайтсем дамытам» деп қанша жыл жүгірдім. Енді өзіме уақыт арнағым келеді», - деді Г. Айдарбекова Revue News-қа берген сұхбатында.  

Тэгтер:

әнші Қайрат Нұртас Гүлзира Айдарбекова продюсер