Президент Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаомен кездесті

Бүгін, 15:38 / Інжу Әлихан
Akorda

Мемлекет басшысы Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаоны қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz

Digital Bridge 2025 халықаралық форумы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаомен кездесті.

Президент әлемдік криптовалюта индустриясы мен қаржы технологиясының экожүйесін қалыптастыруға Чанпэн Чжаоның қосқан үлесін жоғары бағалады.

Оның 2022 жылы Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша Binance Lab базасында криптоиндустрияның өңірлік хабын ашу жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Сол сәттен бері елімізде блокчейн және криптотехнология салаларында көптеген перспективті жобалар мен бастамалар іске асырылып келеді.