ҰҚК қыркүйекте пара алу мен беруге қатысты 10 деректі анықтады

Бүгін, 14:32 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қыркүйек айында ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қылмыстық кодекстің келесі баптары бойынша сараланатын 13 құқық бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 1;

- 366-бап (пара алу) - 5;

- 367-бап (пара беру) - 5;

- 234-бап (экономикалық контрабанда) - 1;

- 287-бап (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) - 1.

 Сотқа келесі 9 қылмыстық іс жіберілді:

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) - 3;

- 190-бап (алаяқтық) - 1;

- 366-бап - (пара алу) - 3;

- 218-бап (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) - 1;

- 385-бап (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) – 1

 Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.