Алматыда бір күнде үш қалта ұрысы ұсталды

Бүгін, 12:45 / Алуа Арман
polisia.kz

Алматы қаласының криминалдық полициясы жедел іс-шара барысында бұрын бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотты болған үш азаматты ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар қайтадан қалтаға ұрлыққа түсіп, қоғамдық көлікте жолаушылардың мүліктерін ұрлаған. Қаскөйлер әртүрлі аудандарда автобустардағы жолаушылардың ақшасын, телефондары мен жеке заттарын жымқырып жүрген.

- Қалта ұрлығы мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Әсіресе жаңа оқу жылының басталуымен жолаушылар саны артып, адамдар көп шоғырланатын орындарда қалта ұрыларының әрекет ету қаупі күшейеді. Әрбір ұсталған қылмыскер – ашылған қылмыс қана емес, сонымен қатар жаңа ұрлықтардың алдын алу. Біз "Заң және тәртіп" қағидасын дәйекті түрде жүзеге асырып, көше қылмысына қарсы жүйелі жұмысты жалғастырамыз, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

Алматы полициясы азаматтарды қоғамдық көлікте және адамдар көп жиналатын орындарда қырағы болуға шақырады: сөмке мен бағалы заттарды көзден таса қылмай, телефон мен әмиянды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Тэгтер:

ұрлық Алматы қалта ұрысы