Әлеуметтік желілерде Астанадағы «Ана мен бала» орталығында бала жоғалды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Медициналық мекеме хабарлағандай, оқиға 2025 жылдың 30 қыркүйегінде болған.
«2025 жылдың 30 қыркүйегінде сағат 15:55-те анасы 12 жастағы баласымен бірге ауруханаға жатқызу үшін қабылдау бөліміне жүгінді. Құжаттарды рәсімдеу кезінде бала күту аймағынан шығып кеткен. Бала жоғалған сәттен бастап 30 минут ішінде табылды, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ», – деді клиниканың баспасөз қызметі.
UMC өкілдері ұйым пациенттердің қауіпсіздігі бойынша халықаралық стандарттарды қатаң сақтайтынын және олардың қорғалуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдайтынын атап өтті. Сондай-ақ клиникада әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін еске салды.