Қыркүйекте Ұлттық қордан $500 млн сатылды

Бүгін, 09:19 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қаражат қайда жұмсалды? Ақша республикалық бюджет трансферттері мен «Талдықорған–Үшарал» газ құбырын салуға бағытталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қыркүйекте валюта нарығында Ұлттық Банк жүргізген басқа да операциялар:

Ұлттық қордан сатылған қаражат жалпы сауда көлемінің 9,6%-ы болды (күніне $24 млн).

«Айналау» операциялары аясында 290 млрд теңге стерилизацияланды. IV тоқсанда бұл мақсатта теңгедегі баламасы 1,4 трлн болатын валюта сатылады.

Квазимемлекеттік компаниялар міндетті норма аясында $378 млн сатты.

Ұлттық Банк валюта интервенциясын жүргізген жоқ.

Қазан айында Ұлттық қордан $600-700 млн көлемінде валюта сатылмақ.

Тэгтер:

Ұлттық қор Валюта