Қостанайда такси көлігінен құлап кеткен әйелді екінші көлік басып өтті

Бүгін, 05:03 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Қостанайда 65 жастағы зейнеткер такси көлігінен құлап кетіп, басқа көліктің астына түсті.

Бұл сәт бақылау камерасына түсіп қалған.

Аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды.

"Такси жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Әйел ауруханаға жеткізілді", - деді полиция.