«Шок болдым»: Айжан Байзақова қуанышты жаңалығын айтты

Бүгін, 21:01 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Instagram желісінде атышулы блогер Айжан Байзакова үшінші рет ана атануға дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айжан өз жазылушыларымен жүктілігінің қалай өтіп жатқанын бөлісті.

«Міне, осылай, маусымда Мальдивтен келіп, жүкті екенімді білдім. Шок болдым, өйткені біз үш жылдай демалуды жоспарлап жүргенбіз», – деді ол.

Блогер жүктіліктің басында қатты токсикоз болып, түсік тастау қаупі болғанын айтты.

«Мен екі апта бойы ауруханада жатып ем алдым. Көптеген ұшулар мен шараларды тоқтатуға тура келді, тек жаттым, күтіп. Нұрбек маған келіп, көңілімді көтеруге тырысты. Бірақ мен 24/7 жылаумен болдым. Оған қоса, сол жағымсыз токсикоз – ауырсынуға қосымша. Ондай жағдай болатынын білмеппін», – деп бөлісті Айжан Байзакова.

Қазіргі уақытта Айжанның жүктілігіне 20 апта толған.

«Сенбі күні бізде гендер-пати болады. Әзірге қай жерде босанатынымды шешкен жоқпын», – деді медиажұлдыз.

Тэгтер:

блогер жүктілік Айжан Байзақова