Асанәлі Әшімов пен Тұңғышбай Жаманқұловтың Қостанайда жүрген видеосы тарады

Бүгін, 20:28 / Өтей Торғайұлы
коллаж: turkystan.kz

Халықаралық театр фестивалі аясында қазақ өнерінің аңыз тұлғалары Асанәлі Әшімов пен Тұңғышбай Жаманқұлов Қостанайға барды , деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы "Қостанай таңы" басылымы видео жариялады. Бейнеде КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов Қостанай төрінде ұлт қайраткері, күрескер тұлға Міржақып Дулатұлының ескерткішіне арнайы келіп, тағзым етті.

"Бұл жай ғана ескерткішке тағзым емес, бұл – ұлт рухына, тарихқа, ел болашағы үшін арпалысқан ардақтыларға деген зор құрметтің белгісі. Міржақыптай ұлы тұлғаның ізімен жүрген өнер мен руханият өкілдері бүгінгі ұрпаққа өшпес өнеге, мәңгілік мұра қалдыруда. Қостанай сахнасында қазақ өнерінің жарық жұлдыздары бас қосқан бұл күн – тарихқа таңбаланар ерекше сәт!", - деп жазды Қостанай өңірлік басылымы.

Тэгтер:

Асанәлі Әшімов Тұңғышбай Жаманқұлов