Белгілі кәсіпкер Шерхан Қалмұрзаға су жаңа көлік сыйлады

Бүгін, 19:43 / Өтей Торғайұлы
коллаж: turkystan.kz

Қазақстандық кәсіпкер әрі блогер Ұлықбек Шарипов бірінші болып "Қайраттың" ең жас ойыншысына көлік сыйға тартты , деп хабарлайды turkystan.kz.

Желі жұлдызы Ұлықбек Шарипов Шерхан Қалмұрза мен оның анасын тосыннан шақырып, көлікті тарту етті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Жас футболшы бұл тосын сыйды көріп эмоциясын жасыра алмады.

Барлық желі қолданушылары Шерхан Қалмұрза құттықтап, кәсіпкерге де жылы лебіздерін жазып жатты.

"Осы жерде біздің еліміздің бір үлкен отбасы екенін сезінгендеймін. Отбасымыздың ішінде бір бауырымыз жетістікке жетсе, бәріміз қуанып, сыйлығымызды беріп, қолдау көрсетіп, демеу болып, бірге биікке өрлей беретініміз қандай тамаша", "Шерхан қандай ұяң еді, бірден керек емес деп жатыр ғой", "Ұлықбек сен үлгі болдың, жарайсың!", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, кеше "Қайрат" пен "Реал" Алматы орталық стадионында ойын көрсетті. Есеп 0:5. Қарсыластарынан ойсыра жеңілсе де, "Қайрат" ойыншылары жақсы ойын көрсетті. Соның ішінде бірнеше рет сейв жасаған Шерхан Қалмұрзаны атап өтуге болады. 

Тэгтер:

Футбол Шерхан Қалмырза "Қайрат" "Реал"