Түймебаев қытайлық инвесторларға жергілікті мамандар дайындау керектігін ескертті

Түймебаев қытайлық инвесторларға жергілікті мамандар дайындау керектігін ескертті

Түймебаев қытайлық инвесторларға жергілікті мамандар дайындау керектігін ескертті
ашық дереккөзі
«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның басшылығы министрге жобаның бірінші кезеңі бойынша атқарылған механикалық жұмыстардың аяқталып, екінші кезең нысандарында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесі туралы баяндады.
Бүгінде «ПетроҚазақстан» мұнай өңдеу зауытындағы құрылыс жұмыстарына 4 мыңға жуық маман тартылған. Оның бір мыңдайы қазақстандық мамандар. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде еліміздегі үш бірдей мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Ал Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстарының аяқталу мерзімі 2018 жылдың бірінші жартжылдығына жоспарланып отыр. «Әрине, үш зауытты жаңғырту жұмыстарына қыруар қаржы бөлініп отыр. Яғни, жаңғырту несие ресурстарын тарту және аталған зауыттардың өз қаржысы есебінен жүргізілуде. Жалпы жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталса, еліміздегі бензин сапасы жақсарып, дизель және керосин өнімдерінің бағасы тұрақтанатын болады. Ең бастысы - 2019 жылы Қазақстан Ресей бензиніне тәуелділіктен арылып, еуразиялық одақтың талаптарына сай өнім өндіре бастаймыз», - деді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев. Айта кетейік, бүгінде Ресей Федерациясынан ішкі нарыққа тасымалдың 30 пайыздық тәуелділігі бар. Егер 70 пайыздық тұтынушылық біздің үш мұнай өңдеу зауыттарының есебінен қамтамсыз етілсе, 30 пайыз отын сырттан әкелінеді. Министрдің қатысумен өткен арнайы жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев кəсіпорын басшылығындағы қытайлық инвесторларға ең өзекті екі мәселеге назар аударуды ескертті. «ПетроҚазақстан» мұнай өңдеу зауыты облысымыздағы ең ірі салық төлеуші кәсіпорынның біріне айналып отыр. Аталған кәсіпорында жергілікті жұмысшылардың үлесі көбірек болуы керек. Яғни жергілікті мамандарды жұмыспен қамту мақсатында қажетті кәсіптік-техникалық мамандарды даярлау мәселесіне көңіл бөлуге кеңес берер едім. Ол үшін облыс орталығындағы кәсіптік техникалық мамандандырылған колледжді өз қамқорлықтарыңызға алып, жұмыс жасағандарыңыз дұрыс. Сондай-ақ жергілікті жұмысшыларды тәжірибе алмасу мақсатында шетелге жіберу ісін жолға қойған абзал», - деді Жансейіт Қансейітұлы. Биыл екінші жартыжылдықта Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталады. Содан кейін елімізде Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына сай жанармай мен дизель отыны шығарыла бастайды. Мұнан соң Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бастаған жұмысшы топ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2015 жылы пайдалануға берілген Шымкент қаласындағы 160 гкал/сағ. болатын қазандықты аралап көрді. Қазандық бүгінде әкімшілік іскерлік орталығындағы 38 көпқабатты тұрғын үйді және 6 әкімшілік ғимаратты жылумен қамтамасыз етіп отыр. 2015 жылы пайдалануға берілген қазандық газбен жылытылады. Нысанның құрылысына 3,4 млрд теңге жұмсалған.