Доллар 553 теңгеден сатылып жатыр

Бүгін, 16:58 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 549,15 теңгені құрап, 0,08 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 1 қазанға арналған ресми бағамы – 549,06 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 549,12 теңге, сату бағамы – 551,14 теңге. Ал Астанада доллар орта есеппен 547,41 теңгеге сатып алынып, 552,44 теңгеге сатылуда.

Еске сала кетейік, 29 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа өлшенген бағамы 4,34 теңгеге өскен, ал 30 қыркүйекте 0,29 теңгеге көтерілген еді.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге нарық қор