«Балалары туыстарында»: Түркістанда қарияны ұрған ерлі-зайыпты ісінің мән-жайы айтылды

Бүгін, 12:43 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Түркістан облысында өз ұлынан таяқ жеп, көз жұмған қарияның өліміне қатысты резонансты істің қалай тергеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түркістан облысында әкесіне қол көтерген азаматтың балаларының тағдыры не болды?

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасуда. Оның әйеліне де іс қозғалып, тергеліп жатыр. Балалары туыстарының қарауында. Бұл іс біздің бақылауымызда, тергеу аяқталғаннан кейін сотқа жолданады», – деді Әділов Мәжіліс кулуарында.

Тэгтер:

Түркістан облысы ерлі-зайыпты қария ұру