Степногорск әкімдігі мемлекеттік сатып алуда заңның бұзылуына жол берген

Бүгін, 12:19 / Алуа Арман
istockphoto.com

Степногорск қаласының прокуратурасы қала әкімдігі ұйымдастырған жалпы сомасы 710 млн теңгеге 9 мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анықталған бұзушылықтар сметалық құнды негізсіз көтеру, артық әрі экономикалық тұрғыдан дәлелсіз жұмыстар көлемін енгізу, сондай-ақ заңнама талаптарына сәйкес келмейтін және әлеуетті жеткізушілер арасында бәсекелестік ортаға шектеу қоятын талаптарды белгілеумен байланысты болды.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 710 млн теңгені құрайтын 9 мемлекеттік сатып алу жойылды. Жергілікті атқарушы органға жобалық-сметалық құжаттамаларды қайта қарау ұсынылып, соның нәтижесінде 3 конкурс алынып тасталды және 6 мемлекеттік сатып алу бойынша сметалық құн төмендетіліп, негізсіз шығыстар қысқартылды.

Нәтижесінде 235 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берілмеді.

Тэгтер:

Әкімдік мемлекеттік сатып алу Степногорск