Оралда 10 жастағы қызды буындырмақ болған күдікті ұсталды

Бүгін, 11:39 / Алуа Арман
istockphoto.com

Полиция Оралда қызға шабуыл жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының ПД бастығы Арман Оразалиев мәлімдеді.

«Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде кәмелетке толмағанға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасаған деген күдікпен ер адам ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

Қазір тергеу жалғасып жатыр, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

 

Тэгтер:

күдікті Орал 10 жастағы қыз Тұншықтыру буындыру