Жемқорлық қылмысы бойынша 108 саясаткерге қарсы тергеу басталды
Жемқорлық қылмысы бойынша 108 саясаткерге қарсы тергеу басталды
Бразилияның Жоғарғы соты сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша жүзден астам саясаткерге қарсы тергеу бастады. Олардың қатарында 9 министр, үш штаттың губернаторы мен 70 депутат бар.
Бас прокурор Родригу Жано мемлекеттік Petrobras мұнай компаниясына қатысты жемқорлық қылмыстар бойынша 83 қылмыстық тергеу туралы өтініш түсірген.
Күдіктілер қатарында СІМ министрі Алоизиу Нунес, Ауыл шаруашылық министрі Блайру Мажжи, сондай-ақ 29 сенатор мен төменгі палатаның 42 мүшесі бар. Жалпы саны 108 саясаткер.
Саясаткерлер ірі құрылыс компаниясына құны миллиардтаған келісімшарттарды жасауға көмектескен.
Дереккөз: КорреспонденТ