Бүгіннен бастап Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.
«Қытай Халық Республикасының Құрылған күніне (2025 жылғы 1-3 қазан) және Күздің ортасы мерекесіне (2025 жылғы 6 қазан) орай Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің жұмысы уақытша тоқтатылады.
Аталған күндері жеке тұлғалар, автокөлік құралдары мен жүктердің өткізілуі жүзеге асырылмайды», – делінген хабарламада.
Комитеттің мәліметінше, теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, бұл көлік-логистикалық байланыстың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
«Комитет тасымалдаушыларды, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды және азаматтарды өз бағыттарын жоспарлау кезінде енгізілген шектеулерді ескеруге және тасымалдау кестелерін алдын ала түзетуге шақырады», – делінген хабарламада.