Жұлдыз Сүлейменованың Мәжілістегі өкілеттігі тоқтатылды

Бүгін, 10:43 / Інжу Әлихан
Мәжілістің Баспасөз қызметі

Жұлдыз Сүлейменованың мәжілістегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мәжіліс депутаттары АМАNАТ партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалуына байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаған.

«Парламенттің жетінші және сегізінші шақырылымдарында Жұлдыз Сүлейменова мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде белсенді қызмет атқарды.

Оның жетекшілігімен әйелдердің құқықтарын қорғауға және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соның ішінде тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл шараларына бағытталған елеулі заңнамалық түзетулер әзірленіп, енгізілді», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 29 қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Жұлдыз Сүлейменова еліміздің Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды.