Қарағандыда полиция пунктінен әйелдің мәйіті мен ес-түссіз полицей табылды

Бүгін, 10:36 / Алуа Арман
istockphoto.com

Түнде Қарағанды қаласындағы полицияның бір пунктінен әйел адамның мәйіті табылды. Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері де болған. Ол медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагуловтың хабарлауынша, оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайларды анықтау үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тексеріс тағайындалды.

«Оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді. (...) Барлық әрекеттер мұқият тергеледі, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырамын. Бұл істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда», – деді Қарағанды облысы ПД бастығы Негмет Исмагулов.

Тэгтер:

Қарағанды полицей