Алматыда көп уақыт өткізгім келеді – «Реал Мадрид» клубының бас бапкері

Бүгін, 09:44 / Інжу Әлихан
instagram

«Реал Мадрид» клубның бас бапкері Хаби Алонсо Алматы қаласы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Sportsru-ға сілтеме жасап.

– Алматыда керемет таулар бар. Осында көп уақыт өткізгім келеді. Атмосфера ерекше болды. «Қайрат» Чемпиондар лигасында ойнауға әбден лайық. Бұл Қазақстан халқы үшін қаншалықты маңызды екенін көрдік. «Қайратқа» сәттілік және бар жақсылықты тілеймін!, - деді Хаби Алонсо.

Айта кетейік, 30 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінің екінші тур ойыны өтті. Бұл кездесуде «Қайрат» клубы «Реал Мадридке» қарсы ойнап, 0:5 есебімен ұтылды.

Тэгтер:

Хаби Алонсо «Реал Мадрид»