Қазақстандықтар стенд атудан Әзербайжанда екі жүлде жеңіп алды

Бүгін, 09:58 / Алуа Арман
Спортты дамыту дирекциясы

Әзербайжанның Габала қаласында өтіп жатқан стенд атудан III ТМД елдері ойындарында біздің спортшылар тағы 2 жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Трап бағдарламасында аралас жұптық сында Қазақстан командасы (Богдан Конченко мен Анастасия Прилепина) финалда Ресей спортшыларына есе жіберді. Есеп: 138-134.

Ал скит жаттығуында Ратмир Еникеев ақтық сында 3-орынға жайғасты. Біздің мерген 45 ұпай жинады. Әйелдер арасында отандасымыз Лидия Башарова 4-орынға (31 ұпай), Ангелина Сорокина 6-сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, стенд атудан жарыс Габала қаласында өтіп жатыр. Барлығы ойындар Әзербайжанның Гянджа, Евлах, Мингячевир, Габала, Шеки, Гейгёль мен Ханкенді сынды 7 қаласы қабылдайды.

Тэгтер:

жүлде стенд ату Әзірбайжан