Дәрігер кімдерге пицца жеуге болмайтынын айтты

Бүгін, 06:48 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Диетолог Татьяна Селезнева адамдарды нан өнімдерін көп тұтынбауға шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ас қорыту жүйесі бұзылған адамдар пиццадан да, бәліштен де бас тартуы керек.

"Артық салмағы бар, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан немесе ас қорыту жүйесі бұзылған адамдарға мұндай тағамдарды ұсынбаймын", - деді Татьяна Селезнева.

Дәрігер "АиФ" басылымына берген сұхбатында сау адамдар да бұл тағамдарды тұтынудан бас тартуы немесе ең болмағанда шектеуі керек екенін атап өтті.
Диетолог тәбетті тыя алмаған жағдайда бәлішті тек мереке күндері және аз мөлшерде – 1-2 дана, ал пиццаны 1-2 тілім жеуге кеңес берді.