Чемпиондар лигасы: "Қайрат" "Реалдан" ірі есеппен ұтылды

Бүгін, 23:42 / Өтей Торғайұлы

Алматының Орталық стадионында Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінің екінші тур ойыны өтті. Бұл кездесуде «Қайрат» «Реалды» қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алғашқы таймда «Реал» «Қайраттан» 1:0 есебімен алға шықты. 25-минутта Килиан Мбаппе пенальтиді сәтті орындады.

Ал екінші таймда  «Қайрат» көбірек шабуылға шықты, бірақ қарымта шабуылдарға да жол берді. Солардың бірінде Мбаппе дубль жасады, кейін хет-трикке қол жеткізді. Қорытынды нүктені Эдуарду Камавинга мен Браим Диас қойды. Есеп — 0:5.
 

Тэгтер:

Футбол Реал Қайрат