Бүгін Алматының Орталық стадионында өтетін ойынды тамашалауға еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін жиналып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында "Қайрат" мадридтік "Реал" командасымен өз алаңында кездесу өткізеді. "Қайрат" құрамасын қолдауға 80 жастағы қария да келген. Стадионға клеген жанкүйерлерге шашу шашып жүрген әжейдің видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.
"Жасым 80-де болса да "Қайрат" командасын қолдауға келіп тұрмын. Жастар, алға! Қазақстанымыз өркендей берсін. Алла Тағала тілегімізді қабыл етсін! Шашу шашайын деп келіп тұрмын", - деді қария жиналған жұрт алдында тұрып.
Сондай-ақ ол бата беріп, әкелген шашуын шашқан.