Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Қорғаныс министрін «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін, 16:24 / Алуа Арман
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Президент Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты. 

Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына БАӘ Президенті Мұхамед бен Заид Әл Нахаянның және Премьер-министр, Дубай Әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның ізгі сәлемін жеткізді. 

Сондай-ақ бұл сапар әскери саладағы өзара ықпалдастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Тэгтер:

Тоқаев Достық ордені