Қазақстанда доллар бағасы рекорд орнатты

Бүгін, 15:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша бір АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 549,06 теңгені құрап, 0,29 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 30 қыркүйекке арналған ресми доллар бағамы – 548,79 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 548,11 теңге, сату бағамы – 550,1 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орташа есеппен 546,54 теңгеге сатып алып, 551,52 теңгеге сатады.

Еске сала кетейік, 22 қыркүйектегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 1,33 теңгеге, 23 қыркүйекте – 2,08 теңгеге өсті, 24 қыркүйекте – 2,11 теңгеге төмендеді, 25 қыркүйекте – 0,92 теңгеге төмендеді, 26 қыркүйекте – 2,45 теңгеге өсті, ал 29 қыркүйекте – 4,34 теңгеге көтерілді.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор