Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) алдағы жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жақында үлкен хабарландыру болады, үлкен жекпе-жек күтіп тұр», – деп жазды Әлімханұлы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Бәсекенің уақыты мен өтетін орны әлі анықталған жоқ.
Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін сәуір айында Астанада өткізді: ол француз боксшысы Анауэль Нгамиссенге (14-1, 9 KO) қарсы шығып, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Еске сала кетсек, Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы болып табылады. Қалған екі белбеудің иелері – кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) – WBA және доминикандық Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) – WBC.