Қазақстан Трамптың Газадағы қақтығысты реттеуге арналған бітімгерлік жоспарын қолдайды

30 қыркүйек, 2025 / Інжу Әлихан
Akorda

Қазақстан АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бұл бастаманы Таяу Шығыстағы ахуалды реттеуге, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, аталған аймақта бейбітшілік орнатуға бірегей мүмкіндік әрі маңызды қадам ретінде қарастыратынын мәлімдеді», – деп жазды ол.

Тэгтер:

Қазақстан АҚШ Трамп Газа