Маңғыстауда мұнай өнімдерін тасымалдайтын жүк көлігі аударылды (ВИДЕО)

Бүгін, 12:18 / Інжу Әлихан
Маңғыстау облысы экология департаменті

29 қыркүйек күні Ақтау-Жаңаөзен тас жолы бойында мұнай тасымалдаушы көлік аударылып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маңғыстау облысы экология департаментінің ақпаратынша, оқиға сағат 15:50-д, тас жолдың 23-шақырымында болған.

«Оқиға орнында мұнай өнімдері төгілгендігі анықталды. Осыған байланысты, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті мамандары топырақтан сынама алу жұмыстарын жүргізді. Қабылданған шаралар алдағы уақытта қосымша хабарланады», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

Маңғыстау мұнай