Сарыағашта мұғалімдер балаларды үйіне барып оқытпаса да ақша алып отырған

Бүгін, 11:53 / Алуа Арман
istockphoto.com

Прокуратура ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы 23 мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар 64 балаға үйде сабақтың іс жүзінде өткізілмегені, алайда мұғалімдерге еңбекақының төленіп отырғаны анықталды.

«D.MED» жүйесі арқылы бұл балалардың еліміздің әр өңіріндегі ауруханаларда ұзақ уақыт бойы ем қабылдағаны және үй жағдайында білім алу мүмкіндіктерінің болмағаны белгілі болды.

Соған қарамастан, мұғалімдерге сабақ өткізгені үшін төлемдер жасалған.

Мысалы, №16 мектептің бір оқушысы жыл бойы емдеуде болғанына қарамастан, мұғалімдер оны «оқытқаны» үшін 319 101 теңге алған.

Жалпы заңсыз төлем көлемі 4 255 997 теңгені құрады.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде бұл қаражат бюджетке қайтарылып, білім беру саласының 311 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тэгтер:

мұғалім Сарыағаш ерекше қажеттілігі бар бала