Атырауда ер адам баланы ұрлап кетпек болған

Бүгін, 11:33 / Алуа Арман
istockphoto.com

Атырауда, Нұрсая Болашақ ықшам ауданында, 29 қыркүйек күні сағат 21:00 шамасында белгісіз ер адам 8 жастағы қызды алып кетпек болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлер оны тоқтатып, бірден полицияға хабарлаған, алайда ер адам оқиға орнынан қашып үлгерген.

Куәгердің айтуынша, олар полицияны шамамен 30 минут күткен. Бірақ полицейлер келмеген соң, қыздың анасымен бірге өздері құқық қорғау органдарына жүгінген.

«Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 1987 жылы туған күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаменті.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.

Тэгтер:

Атырау бала ұрлау