Жаңалықтар

«ATYRAU INVEST 2017»: 3 млрд доллардың меморандумына қол қойылды

ашық дереккөзі

«ATYRAU INVEST 2017»: 3 млрд доллардың меморандумына қол қойылды

«ATYRAU INVEST 2017» халықаралық форумы барысында Атырау облысының әкімдігі мен инвестор арасында жалпы сомасы 3,3 млрд. долларды құрайтын 9 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Форумға Қазақстаннан, сондай-ақ таяу және алыс шетелдегі 20 елден келген 500 делегат қатысты. Форумның ұйымдастырушылары аталмыш форумның өңірдегі инвесторларды тарту бойынша соңғы 5 жылдағы ең жемісті шара болғанын атап өтті. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев атап өткендей, мұндай іс-шаралар тек инвесторларды тартып қана қоймай, шағын және орта бизнесті дамытуға өз септігін тигізеді. «2016 жылғы көрсеткіштер бойынша облыстағы шағын және орта бизнеспен айналысатын тұрғындар саны 7,9% -ға артып, 128,7 мың адамды құрады. Осылайша, өңірде экономикалық белсенді халықтың 41 проценті осы салаға жұмылдырылған. Мұндай іс-шаралар жергілікті кәсіпкерлердің дамуына мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді Ноғаев.