Қазгидромет қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын айтты

30 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2025 жылғы 30 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.