30 қыркүйек бірнеше аймақта қар жауып, үсік жүреді

29 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы

"Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі сейсенбі күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады), күндіз нөсер жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда 30 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 30 қыркүйекте күндіз шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 30 қыркүйекте түнде найзағай ойнайды деп күтіледі.

Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын болады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). 30 қыркүйекте түнде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Павлодарда 30 қыркүйекте түнде сынап бағаны 2-4 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Астана қаласында 30 қыркүйекте тұман түседі деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.  Түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде,  күндіз облыстың батысында аздап жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Қарағанды облысының шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 30 қыркүйекте түнде топырақ беті қатып, 3 градус суық болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Оралда 30 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі, түнде топырақ беті қатып, 3 градус суық болады деп күтіледі. Күндіз жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 30 қыркүйекте түнде сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.  

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда 30 қыркүйекте түнде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Ақтауда 30 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 30 қыркүйекте түнде және таңертең аракідік найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні - 18 м/с. Қонаевта 30 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Тэгтер:

ауа райы Қар