ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралды» айқын басымдықпен жеңді

29 қыркүйек, 2025 / Өтей Торғайұлы

Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дегі өз алаңындағы ойында Владивостоктың «Адмиралымен» кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бірінші кезеңде есеп ашылмады. Екінші кезеңде Мэйсон Морелли мен Всеволод Логвин алаң иелерін алға шығарды. Шешуші үшінші жиырмаминуттықта астаналықтар тағы бір шайба соқты. Осылайша матч 3:0 есебімен аяқтады.

Енді 1 қазан күні «Барыс» өз алаңында ярославльдік «Локомотивті» қабылдайды. 

Тэгтер:

Барыс хоккей