Қайырхан Тұтқышбаев энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды

Бүгін, 18:24 / Нұрлан Әлинұр
Фото: primeminister.kz

Бүгін Қайырхан Тұтқышбаев Қазақстан энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкіметтің хабарлауынша, Қайырхан Тұтқышбаев 1991 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы "Орталық Азия тау-кен одағы" ҚБ-да бастаған.