Танымал әнші Бейбіт Қорған ұсталды

Бүгін, 18:15 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Бейбіт Қорғанға Атырауға ұшқан әуе рейсінде ереже бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматыдан Атырауға ұшқан сапарында ол мас күйінде бірнеше рет дөрекі сөз айтып, әуе компаниясының ережелерін орындаудан бас тартқан. Соның салдарынан музыкант полицейлерге тапсырылды.

Құқық қорғау органдары оның үстінен ұсақ бұзақылық пен тәртіп сақшысының талабына бағынбау бойынша хаттама толтырды.

Бүгін Атырауда өткен сотта әртіс екі құқықбұзушылық бойынша кінәлі деп танылып, 196 мың теңге айыппұл салынды.