Алматы әкімдігі Алуа Балқыбековаға 40 млн теңге табыс етті

Бүгін, 15:41 / Інжу Әлихан
instagram

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Ливерпульде бокстан өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қала басшысы әлем біріншілігінде ел намысын қорғаған алматылық спортшылар мен олардың бапкерлеріне ризашылығын білдіріп, ыстық лебізін жеткізді.

Дархан Сатыбалды Әлем чемпионы атанған Алуа Балқыбековаға 40 млн теңге, күміс жүлде иеленген Назым Қызайбайға 30 млн теңге, қола жүлдегер атанған Виктория Графееваға 20 млн теңгенің сертификатын табыстады. 

Тэгтер:

әлем чемпионаты Алматы бокс Әкімдік жеңімпаз