Рим қаласында Абай Құнанбайұлының мүсіні орнатылады

Бүгін, 15:22 / Інжу Әлихан
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Биыл Рим қаласында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының мүсіні орнатылады. Бұл туралы Ақордада Италия Президенті Серджо Маттарелламен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

— Келіссөз барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан ары нығайту ісіне назар аудардық. Бүгін елорда көшелерінің біріне Италияның ұлы саяхатшысы Марко Полоның аты берілді. Келесі жылы Италияда «Көшпенділер алтыны» көрмесі өткізілмек. Сондай-ақ Неапольдегі көне Сан-Карло театрында Абай операсын қою жоспарланған. Биыл Рим қаласында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының мүсіні орнатылады. Осы сәтті пайдалана отырып, игі бастамаға қолдау білдіргені үшін Италия халқына шынайы ризашылығымды жеткізгім келеді. Біз мұны қазақтың мәдени мұрасына көрсетілген құрмет пен шынайы достық пейілдің көрінісі деп қабылдаймыз. Осындай тағлымды іс-шаралар халықтарымызды жақындата түсетіні сөзсіз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тэгтер:

Италия Рим мүсін Абай Құнанбайұлы