Бүгін «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС-нің мұнай өңдеу және мұнайхимия бойынша директоры, Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратов дүниеден озды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша Мұрат Досмұратов жүрек талмасынан қайтыс болған.
Айта кетейік, Мұрат Досмұратов "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ны 2022 жылғы шілдеден 2024 жылғы қаңтарға дейін басқарған еді.