Астанада жылыту маусымы басталды

29 қыркүйек, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астанада ауа температурасының төмендеуіне байланысты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін жылу әлеуметтік нысандарға – мектептерге, балабақшаларға, медициналық мекемелерге – өтінімдер бойынша берілген болатын.

«Қаланың барлық нысандары алдағы күндері кезең-кезеңімен қосылатын болады», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

күз жылыту маусымы жылу беру суық ауа райық