Қостанай облысында қар жауды

Бүгін, 09:09 / Інжу Әлихан

Облыс тұрғындары әлеуметтік желілерде алғашқы қардың кадрларын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

 Қостанай мен Рудный қалаларында қар жауды. Бұған дейін облыста түнде ауа температурасы -1...-6 градусқа дейін төмендеп, күндіз +3...+8 градус жылы болатыны, жауын-шашын (жаңбырдың қарға айналуы) күтілетіні болжанған еді.

Бұған дейін синоптиктер ел аумағының басым бөлігі солтүстік циклонның ықпалында болатынын ескерткен. Жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі, солтүстікте қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Тек еліміздің оңтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.