Талғарда із-түзсіз жоғалған 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Бүгін, 08:22 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Талғарда қыркүйектің ортасында жоғалған 40 жастағы ер адам өлі табылды. Бұған дейін Lider.kz еріктілерінің Instagram-парақшасында ер адамның жоғалғаны жарияланған болатын, деп хабарлайды turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Карлов Станислав Анатольевич 1986 жылы дүниеге келген. Ол 13 қыркүйекте жоғалған. Таңғы алты шамасында ер адам Талғар қаласы, Ломоносов көшесі 20-үйден шығып кеткен.

Сипаттамасы: бойы 170–175 сантиметр, арық дене бітімді, шашы қара, қысқа сақал-мұрт қойған.
Киген киімі: қара түсті капюшоны бар күрте, қара кепка, қара сөмкесі болған.

Еріктілердің айтуынша, ер адамның денесі Талғарда зорлық-зомбылық белгілерінсіз табылған. Қайтыс болу себебін сараптама анықтайды.