Алматыға келген «Реал Мадрид» ойыншылары күтпеген жағдайға тап болды (ВИДЕО)

Бүгін, 05:27 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Алматы әуежайына әйгілі испандық «Реал Мадрид» футбол клубының ойыншылары, бапкерлер құрамы және персоналы бар ұшақ қонды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы халықаралық әуежайы УЕФА Чемпиондар лигасына қатысушы-ойыншыларын ерекше қарсы алды.

Қонақтарға қазақы қонақжайлық пен ыстық лебіз ықыласы көрсетілді. Футболшыларды УЕФА Чемпиондар лигасының әнұранын қазақтың дәстүрлі аспаптарында орындауы ерекше әсер етті.

Бұл сәт спортқа деген сүйіспеншілік пен ерекше ұлттық үнді біріктірді.

Айта кетейік, әуежайдың ресми таблосында да қону уақыты көрсетіліп, адамдар сүйікті клубын күтіп жиналды.