Қар, көктайғақ: Синоптиктер ауа райына байланысты шұғыл ескерту жасады

28 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Синоптиктер 29 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар облысында ауа райы бұзылатынын ескертті. Кей өңірлерде үсік жүріп, көктайғақ болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған turkystan.kz.

Астанада 29 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 1-3 градус үсік жүреді.

29 қыркүйекте Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының батысында, солтсүтігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс қарай жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтсүтігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында 29 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай жел соғады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 29 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

opel-kz.com

Жарнама

Суперцена на Opel Crossland – всего 10 290 000 тенге!

Түркістан қаласында 29 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай жел соғады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 29 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 29 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте күндіз Алматы облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қонаев қаласында 29 қыркүйекте батыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

29 қыркүйекте Ақмола облысының шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. Көкшетау қаласында 29 қыркүйекте түнде 1-3 градус үсік жүреді.

29 қыркүйекте түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында 3 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 29 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Түнде топырақ үстінде 3 градус үсік жүреді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте Абай облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Семей қаласында 29 қыркүйекте найзағай ойнайды.

29 қыркүйекте күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Күндіз найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өскемен қаласында 29 қыркүйекте найзағай ойнайды.

29 қыркүйекте түнде Қарағанды облысының шығысында жауын-шашын болады, кей уақыттарда жауын-шашын үдей түседі (жаңбыр соңы қарға ұласады), күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман басады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 29 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте күндіз Жетісу облысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

29 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 29 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

29 қырқүйекте түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман түседі. Петропавл қаласында 29 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.

29 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

29 қыркүйекте Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында 29 қыркүйекте жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), көктайғақ болады. Тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде 3 градус үсік жүреді.