«Ақыры дегеніне жетті»: Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленді (ФОТО)

28 қыркүйек, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал актер Дәурен Айдарқұлов үшінші рет шаңырақ көтерді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы өнер иесі Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Мен үйлендім. Аллаға шүкір», - деп жазды ол. 

Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов "Talk Like" бағдарламасына берген сұхбатында тек хиджаб киген аруды таңдайтынын айтқан болатын.

"Енді үшіншісін іздеп жатырмыз. Негізі қарайласып жүрмін. Бірақ, енді болашақ жарымды хадиске сай таңдаймын. Яғни, оның сұлулығына, тегіне, жағдайына және иманына қарау керек. Төртінші қағида ең маңызды әрі бастысы болып табылады. Сол себепті, мүмкіндік болса, Алла тағаладан үшінші жар ретінде оранған хиджабтағы аруды сұрап жұрмін" , - деген еді Айдарқұлов.