Атырау қаласындағы базарда киік еті сатыла бастады, деп хабарлайды АқЖайық порталы.
Оралдық сатушы Вячеслав Атырауға шамамен екі тонна киік етін алып келген. Оның айтуынша, халық тарапынан сұраныс жоғары. Бүгін барлық етті алып кетті.
"Біреулер көтерме бағамен көп алса, енді біреулер келімен алып жатыр. Біз ресми түрде жұмыс істейміз. Өзіміздің аңшылық шаруашылығымыз, қажетті құжаттар мен куәліктер бар. Киіктің әрбір етін ветеринарлар тексереді", - дейді ол.
Қазіргі кезде киік етінің көтерме бағасы – 2000 теңге, ал келімен 2200 теңге болады.
"Біз киіктерді атпаймыз. Алдымен аумен ұстаймыз. Сосын соямыз. Солай істегенде ет жақсы сақталады", - деді Вячеслав.